Суббота, 28 ноября 2020 14:50

Ақмола облысының әкімі: пандемияға байланысты білім, денсаулық сақтау салаларына тартылған инвестиция көлемі артты

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ақмола облысының басшысы Ермек Маржықпаев адами капиталды дамыту маңызды басымдылық болып қалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, пандемияға байланысты білім беру саласына инвестициялар көлемі 2 есеге, ал денсаулық сақтау саласына 3,5 есеге артты.

«Орта білім беру жүйесінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалды. Осы мәселеде Үкімет үлкен көмек көрсетті, 23 мың компьютер техникасын сатып алуға қаражат бөлінді, олар аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдылық негізінде ұсынылды. Жергілікті бюджет есебінен 2,5 мың компьютер сатып алынды», - деді өңір әкімі.

Е.Маржықпаев үш ауысымды мектептердің мәселелері жоспарлы түрде шешілетінін атап өтті. Келесі жылы тағы 2 мың орындық 4 мектептің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының арқасында 148 білім беру нысаны жөнделді.

Денсаулық сақтау жүйесінде бірінші кезекте тұрақты эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу міндеті алға қойылды. Ол үшін өңірде тиісті шаралар мен шектеулер қабылдануда.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 225 раз