Суббота, 28 ноября 2020 14:44

«Ақмола облысының таланттары» жобасының келесі кейіпкері

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жас әртісі Карибаев Әлихан Маратұлы.

Әлихан Карибаев – 1996 жылдың 28 мамыры Біржан сал ауданы (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы) Степняк қаласында дүниеге келген. 2012-2016 жылдар аралығында Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде оқып, аяулы ұстазы Оспанова Айжан Бадырқызының курсын бітіреді. Сол жылы Т.Қ Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасына оқуға түседі. 

Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрында «Батырлық жолы» спектаклінде Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың рөлін сомдады. Сонымен қатар, «Жан шырылы», «Абылайхан» және тағы басқа қойылымдарда өз өнерін көрсеткен дарынды жас. Облыс көлемінде өткен көптеген мәдени іс-шаралардың жүргізушісі және қатысушысы.

2018 жылы «Маса» атты студенттер театрымен Мәскеу қаласын барып, ГИТИС-те өткен театралды фестивальде лауреат атанды.

2020 жылдың қаңтар айында Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының труппасына қабылданды. Осы жылы А.Чеховтың «Шағала» пьесасының тұсаукесерінде басты кейіпкер К.Треплевтің рөлін сомдады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 182 раз