Суббота, 28 ноября 2020 13:56

Желтоқсан-қаңтар айларында карантин шаралары күшейтілуі мүмкін - А. Цой

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Әзіргей, жағдай бақылауда. Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын жағдайды талдап, болжам жасайды. Қазіргі қалыптасқн жағдай бойынша желтоқсан-қаңтар айларында карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді.

«Барлығы жағдайды қаншалықты басқара алатынымызға байланысты болады. Қазіргі уақытта біз КВИ жұқтыру жағдайлары артқан өңірлер барын көріп отырмыз, оның ішінде Шығыс Қазақстан да бар. КВИ таралуының баяулағанын, түзелгенін, тіпті төмендеу тенденциясы байқалады. Біз жағдайды бақылаймыз, негізінен, апта сайын өзімізде жаңартып отырамыз. Ең бастысы, бұл басқарылатын форматта болсын. Біздің ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханалары 22%, реанимациялық төсек-орындардың 17%-ы ғана пайдаланылып отырғанын білесіздер. Яғни, резерв үлкен. Қазір жағдай назарымызда, бақыланатын форматта», - деді елдің бас дәрігері қазір алаңдауға еш негіз жоқ екенін айта отырып.

Источник ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 220 раз