Суббота, 28 ноября 2020 13:18

Бәрі жоспар бойынша. Ақмола облысында экономиканың көптеген бағыттары бойынша жоспарлы индикаторлар орындалды

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Мемлекет басшысы биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында экономикалық өсімді қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша нақты жоспарларды белгіледі. Дағдарыстан кейінгі дамудың алға қойылған міндеттері мен басым бағыттарын іске асыра отырып, Ақмола облысы жалғасып жатқан пандемияға және онымен байланысты шектеулерге қарамастан дамудың оң серпінін сақтап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәстүрлі брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев хабарлады.

«Экономикалық белсенділіктің драйвері инвестициялардың өсуі болды. Бұл көрсеткіш бойынша біздің облыс еліміз бойынша үздік үштіктің қатарында. Жыл басынан бері экономикаға шамамен 340 млрд теңге бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға артық. Дағдарысқа қарсы шаралар аясында шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, 20 мыңнан астам субъект салық жеңілдіктері жасалып, несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі берілді. Олардың іскерлік белсенділігін қалпына келтіру үшін екі бағдарлама аясында ғана 7 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді», - деп нақтылады аймақ басшысы.

«Бизнестің жол картасы» бойынша 300 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 800-ден астам шағын несие және 700 өтеусіз грант берілді. Өңірлік бизнес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысады. Биыл 15 млрд теңгеге 120 бизнес-жоба қаржыландырылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен үш есе көп. 1300 жаңа жұмыс орны құрылады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысында жұмысқа орналасу мүмкіндігі пайда болды, оның аясында 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Жалпы, әртүрлі бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбек нарығында 21 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның ішінде 13 мыңы тұрақты. Елбасының қолдауының арқасында «Birgemiz» қоры әлеуметтік осал санаттағы 26 мың адамға 1,2 млрд теңгеден астам сомаға қолдау көрсетті», - деді әкім.

Источник ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 241 раз