Пятница, 27 ноября 2020 16:54

Табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік қызметтер

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларында мынадай мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары айқындалды:

1)Табиғи монополиялар субьектілерінің Мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару;

2)Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру;

3)Егер ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлік баланста есепке алынған, оған қатысты мәміле жасалатын мүліктің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерінің баланстық құнының 0,05 процентінен асатын болса, табиғи монополия субъектісінің мүлкімен мәмілелер жасауға келісім беру.

Мемлекеттік қызметтерді Табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларында көзделген мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес көрсетіледі.

Жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық нысанда көрсетілетін қызметті алушының порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 229 раз