Кездесу барысында Мұрат Төлеубаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен Мемлекет басшысы бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңнамаға түзетулерді түсіндірді.
Спикер түзеу мекемелерінде қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.
«Соңғы төрт жылда пенитенциарлық жүйе органдарының қызметкерлері арасында 150-ден астам құқық бұзушылық тіркелді. Ал мемлекеттің әрбір органы адам құқықтары мен бостандықтарын тануға, сақтауға және қорғауға міндетті. Сіздің салаңызда бұл мәселе әсіресе маңызды. Сондықтан, қылмыстық-атқару жүйесінің басшылығын қызметкерлердің адамгершілік пен мәдени бейнесіне ерекше назар аудара отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез - құлық моделін қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын сақтауы бойынша тиісті жұмысты қамтамасыз етуге шақырамын», - деп атап өтті өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы.
Сондай-ақ, Мұрат Төлеубаев сотталғандарға қоғамға қарсы көзқарастарды жою және оларға адамгершілік құндылықтарды сіңіру мақсатында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді көздейтін пробация институтының жұмысын тиісінше қамтамасыз ету туралы атап өтті.
Сонымен бірге, кездесуде ҚР ҚПК 200-бабының негізінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға себеп болған мән-жайларды жою туралы ұсынулар қаралды.
Мысалы, биыл ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының орынбасары Р.М. Қожахметов азамат С. У. Мағзұмовтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлының жалпы қамқорлығы үшін электрондық "QIWI" әмиянына аударылған жалпы сомасы 400 000 теңге ақшалай қаражат түрінде пара алғаны үшін 12 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.