Атап айтқанда, Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаев бастаған облыстық полиция департаменті ахуалдық штабының, медицина қызметкерлерінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің блок бекеттердегі, провизорлық бөлімшелердегі жұмыстарымен танысуға болады.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасынан басталған фотоқұжаттардың жылжымалы көрмесі Көкшетау қаласының ұйымдарында және оқу орындарында экспонатталады деп жоспарланған.
Бүгінгі күнге дейін роллаптар Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасында, ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында, облыстық К. Құрманбаев атындағы фтизиопульмонология орталығында қойылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме облыс орталығындағы ұйымдар мен мекемелерде кестеге сәйкес қойылатын болады.