Әділ-қазылардың шешіміне сәйкес төмендегі әжелер байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды.
І орын - Майра Орындыққызы, Көкшетау қаласы, Бірлік мөлтек ауданы (Қасқыр мен қара тоқты ертегісі);
ІІ орын - Күлсара Құмарбек, Ақкөл ауданы, Малый Барап ауылы, (Ақылды бала ертегісі);
ІІІ орын - Қаби Светлана, Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы, (Үш жалқау ертегісі);
Ынталандыру сыйлығына
1.Айдарова Ләззат Көкенқызы, Көкшетау қаласы, (Ай мен күн ертегісі)
- Меруерт Үйсін, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, (Жақсылық пен жамандық ертегісі)
- Аймаханова Ақжамал Ераханқызы, Көкшетау қаласы, (Бір үзім нан ертегісі)
және «Ел бірлігі» қоғамдық қорының атаулы сыйлығына
Кобжасарова Пелагея Андреевна - Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, (Екі дос пен аю ертегісі) ие болды.
Байқауға барлығы 60-тан астам бейнероликтер келіп түскен болатын. Ертеңнен бастап үздік және жақсы шыққан бейнероликтер біздің осы парақшада күнде жарияланатын болады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ақмолалық әжелердің ертегілерін немерелерімізбен күнде бірге тамашалайық.