Четверг, 26 ноября 2020 11:37

Жас тігінші

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласындағы іргелі кәсіпорындардың бірі – «НовоПэк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде бұл күнде сегіз жүзге жуық адам еңбек етеді. Олардың жартысынан көбі әйелдер. Нарық талабына бейімделген кәсіпорында жыл өткен сайын өндіріс өрге басып, өнім көлемі де артып келеді.

Түрлі сыйымдылықтағы полиэтилен қаптарын тігетін кәсіпорын өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін «Биг-Бег» үлкен сыйымдылықты қаптарын да дайындайды. «НовоПэк» серіктестігі өнімдерін бүгінде еліміздің барлық аймақтарына шығарады. Биылғы жылы елімізде жұқпалы дерттің таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, серіктестік өндірісті тоқтатпай жұмыс істеуде. Соңғы жылдарда өндіріс көлемінің артуына байланысты біраз жаңа жұмыс орындары ашылды. Осыған орай, серіктестік көптеген жас тігіншлермен толыққан еді. Солардың бірі жас тігінші Бибігүл Әбділманова. Ол міне, серіктестікте төрт жылдан бері тігінші болып еңбек етіп келеді. Осы уақыттың ішінде өз ісінің кәсіби шеберіне айналып, білікті маман атанды.

arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 188 раз