Четверг, 26 ноября 2020 11:34

Жүлделі екінші орыннан көрінді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жуырда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдарда қызмет істейтін мамандар арасында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» республикалық онлайн конкурсы өтті.

Конкурстың мақсаты – тіл саясатымен айналысатын басқарма, бөлімдердегі ономастика жұмыстарын күшейту, сала мамандарынының көше атаулары беру, қайта атау жұмыстарын жетілдіру және дамытуға ынталандыру болып табылады. Республикалық конкурсқа Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары қатысты.

Ақмола облысының атынан облыстық ішкі саясат басқармасының мамандары Асем Жұмағұлова мен Дулат Қоспанов, Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Дина Беймсебаевадан құралған «ОҚЖЕТПЕС» командасы бақ сынады. Конкурсқа қатысушылар «Таныстыру», «Атаулар – сыр шертеді», «Жер-судың аты – тарихтың хаты», «Ономастика» кезеңдері бойынша сынға түсіп, нәтижесінде облысымыздың «ОҚЖЕТПЕС» командасы жүлделі екінші орыннан көрініп, 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 191 раз
Другие материалы в этой категории: « Халықтың мүддесі – басты басымдық Жас тігінші »