Четверг, 26 ноября 2020 10:25

Ақмола облысында «Абылай ханның қара жолы» жинағы жарық көрді⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетауда Ақмола облысының әкімдігі, ішкі саясат басқармасы, Ғылым және Білім Министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекет тарихы институты, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі  және Мағжан Жұмбаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен «Абылай ханның қара жолы» республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.  2018 және 2020 жылдары екі рет ұйымдастырылған «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы Көкшетаудан бастау алып, түркі халқының рухани ордасы Түркістан қаласында мәресіне жетті. Экспедиция барысында оның мүшелері жол бойындағы елді мекендерге соғып, аңыз-әңгімелер жинап, сапар барысында кездескен тарихи орындарды белгілеп, қағаз бен картаға түсірді. 

Биылғы жылы облыс әкімі Ермек Маржықпаеатың қолдауымен аталмыш экспедицияның қорытындысы бойынша Мұрат қажы Ыдырысұлы құрастырған «Абылай ханның қара жолы» жинағы жарық көрді. Конференцияны өткізудегі мақсат, осы екі сапарды қорытындылап, жасалған жұмыстар жайлы есеп беріп, алдағы жоспарлармен бөлісу. ⠀

Онлайн конференцияға еліміздің танымал ғалымдары, тарихшылары, саясаттанушылары, зерттеушілері, зиялы қауым өкілдері, экспедиция мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Шараны   Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев жүргізіп отырды. Қатысушыларға аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың ыстық сәлемін жеткізген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова конференция жұмысына сәттілік тіледі. «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының басты мақсаты, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру», – деді Алтынай Әміренова. Қазақ халқының тарихында Абылай ханның алатын орны ерекше.  Ұлы бабамыз қазақ мемлекеттілігін орнатып, тәуелсіздігін сақтау жолында өзінің дипломатиялық, саяси-қоғамдық қызметін жүргізді. Осы ретте, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультетінің доценті Серік Негимов «Абылай жолы – Тәуелсіз мемлекетіміздің жолы, Ұлттық  рухымыздың  рәмізі, символы!»,  М. Қозыбаев атындағы Солтүстік мемлекеттік университетінің пофессоры Зарқын Тайшыбай «Абылайтанудың көкейкесті мәселелері», Мемлекет тарихы институтының директорының орынбасары Бүркітбай Аяған «Қазақ  ру-тайпалары атамекенге қалай оралды?», Тарих ғылымдарының докторы, профессор Марат Әбсеметов  «Абылай ханның дипломатиясы», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбес «Халық шежіресіндегі Абылай хан және оның тарихи дәуірі», Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының докторы Сәбит Жәмбек «Жыраулар поэзиясындағы Абылайхан дәуіріне қатысты тарихи шындық сипаттары», тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, экспедиция мүшесі  профессор Қанат Еңсенов «Абылай ханның ел басқарудағы кемеңгерлігі», өлкетанушы, экспедиция мүшесі  Раббым Борашев (Маңғыстау облысы) «Абылай ханның қара жолы» экспедициясы жайлы», Мемлекет тарихы институты ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, экспедиция мүшесі Жабай Қалиев  «Абылай хан және оның заманы» тақырыбында мазмұны терең баяндамалар жасады. ⠀

Сонымен қатар бірнеше ұсыныстар да  айтылды: ⠀

1  Серік  Негимов: «Ұлы бабамыздың қара жолын жаңғырту, оны кейінгі ұрпақтың санасында  қалдыру аса қажет. Сол себепті де Петропавловскіден Бурабайға дейінгі жолды «Абылай ханның қара жолы» деп атау керек».⠀

2 Зарқын Тайшыбай: «Абылай өмір сүрген, ол билік құрған заманды, қазақтың басына төнген тағдыр-талайды жақсы түсінсек, Абылайға құрметіміз соған сай  қалыптасуы керек. Осы уақытқа дейін Абылай ханның өз суреті табылған жоқ. Мемлекет басшылар…

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 260 раз