Әділ-қазылар келіп түскен бейнероликтерді «Баяндау мәнері», «Тіл тазалығы», «Видеороликтер сапасы» критерийлері бойынша бағалады. Әр видеороликтер мұқият қаралып, жан-жақты зерделеніп, ертегі айтушы апа-әжелердің баяндап отырған ертегілерін оқымай, ертегіні қызықты, түсінікті етіп ауызша айтып жеткізуі басты назарда болды. Бауқауымызға қатысқан барша әжелерге алғыс білдіреміз және ұзақ өмір тілейміз. ⠀
Бүгін жеңімпаздар марпатталды. Алты жеңімпаздан тыс «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің арнайы сыйлығы Копжасарова Пелагея Андреевнаға табыс етілді.
Бүгіннен бастап алты жеңімпаздың ертегісімен қатар жақсы деңгейде шыққан бейне роликтер осы парақшада күнде бір-бірден жарияланып тұратын болады.⠀
Ақмола облысының “Рухани жаңғыру” өңірлік жобалау кеңсесі⠀