Четверг, 26 ноября 2020 00:35

Ұстаздықтан қажымаған ақмолалық Қажыбай әулеті⠀

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(1 Голосовать)

Қажыбай әулетінің тарихы сонау 1937 жылы зерлі Зеренді жерінен бастау алған екен. Әулеттегі ұлы атасы Қажыбай Құдабайұлы осы жылы педагогикалық училищені тәмамдап, Зеренді ауданындағы Кеңөткел ауылында бастауыш мектеп мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1939-1941 жылдары Жолдыбай ауылында алғашқы жетіжілдық мектептің негізін қалады. Оның ширек ғасырдан асатын ұстаздық өмірі үлгі-өнегеге толы еді. ⠀

Халық ағарту ісіне белсене араласқан Қажыбай Құдабайұлы білім майданында ғана емес, қарулы майданда да ерліктің үлгісін көрсетті. 1939 жылы Финн соғысына қатысып, жараланып елге оралды. Денсаулығына кері әсерін тигізген ауыр жарақатына қарамастан, сүйікті ісі – бала оқытудан бас тартқан жоқ. Ұстаздың ерен еңбегі еленіп, Кеңес Одағы мұғалімдер съезіне делегат болып сайланды, Мәскеуде М.Калининнің қолынан «За трудовое отличие» төсбелгісін алды.⠀

Қажыбай атаның тәлімін алып, ізін қуған шәкірттері оны ыстық ықыласпен еске алады. Ұстаздың орнын басқан Жолдыбай ауылының мектеп директоры Ардақ Болатұлы өз естілігінде былай дейді: «Амангелді (Жолдыбай) ауылының іргетасы 1934 жылы қаланды, 1935 жылы балаларға білім беру ошағы құрылды. Ол кездегі мектебіміз ықшамдап салынған үй ғана болатын. 1939 жылы Қажыбай Құдабайұлының еңбегімен 7 жылдық мектеп құрылды. Өзі сол мектепті басқарды. Қажыбай Құдабайұлының мектебімізге, жалпы білімге сіңірген еңбегі өте зор».⠀

Әжеміз Майнұр Ахметжанқызы да бар өмірін бала оқытуға арнады. 1939-1977 жылдары Кеңөткел ауылдық мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарды. Мехнаты көп мұғалімдік жолында жүріп 10 баланы бағып-қағып жеткізді. ⠀

Тұңғыш қыздары Ақлима Қажыбайқызы бүгінгі күні сексенді еңсеріп отыр. Кеңөткел ауылында тұрады.⠀

Тұңғыш ұлдары Кенесары Қажыбайұлы әке жолын қуып, 10 жыл бойы мұғалім болып қызмет атқарған екен. Мүслима Қажыбайқызы да осы жолды таңдап, Зеренді ауданының Октябрь ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі ретінде 1969 жылы ұстаздық жолына алғаш қадам жасаған. 26 жыл бойы мектепте жұмыс істеген.⠀

 Айтжан Қажыбайұлы алғашқы ұстаздық жолын Зеренді ауданы Өңдіріс ауылында орыс тілі мұғалімі болып бастаған, 34 жыл бала оқытқан. Жұбайы Лена 2 жыл балабақшада, 35 Шағалалы агро бизнес колледжінде мұғалім болып жұмыс істеген. Қазіргі танда екеуі де зейнеткер. Келіндері Ирина да мұғалім, еңбек өкілі 11 жыл. Көкшетау қаласынның  құрылыс техникалық колледжінде жұмыс істейді.⠀

Манар Қажыбайқызы 1977 жылы мұғалімдік еңбек жолын Кеңөткел мектебінде бастады. Содаң соң Көкшетау қаласында № 18 орта мектептің директоры болып 35 жыл жұмыс істеді.⠀

Оразбек Қажыбайұлы қазіргі танда № 18 орта мектебінде технология пәні мұғалімі болып, 30 жылдан астам қызмет жасап жатыр.⠀

Айтпай Қажыбайұлы Целиноград арнайы техникалық институтында 11 жыл мұғалім болып жұмыс істеген.⠀

Жиені Майра Жанайдарқызы  Көкшетау қаласында 14 орта мектебінде  оқу ісінің меңгерушісі және қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің мұғалімі. Немересі Баян Сәттібайқызы 2005 жылдан бастап Көкшетау қаласы № 15 «Әсел» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеп жүр. Баян Сәттібайқызы өз еңбегінің білікті маманы. Балаларға тәрбие беріп жүрген өз ісінің нағыз шебері. ⠀

Келіндері Нұржан апай Көкшетау қаласы Ш.Уәлиханов атындағы университетте психология пәнінің мұғалімі болып 35 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Анар келіні №16 мектепте мұғалім.⠀

Әулеттің ортақ еңбек өтілін санағанда 348 жыл шығады. Оның ішіне балаларының, немерелерінің, жиендерінің, келіндерінің еңбек өтілдері кіреді.⠀

Білім майданына араласып, халық ағарту ісіне зор үлес қосқан Қажыбай Құдабайұлы мен Майнұр Ахметжанқызы бар өмірлерін ұстаздыққа арнап қана қоймай, бұл қасиетті жолды ұрпаққа мұра етіп қалдырған екен. ⠀

Үстембек Айгүл⠀

Ақмола облысы  «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің ақпараттық- сараптамалық бөлімінің маманы⠀

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 618 раз