Тренингтің спикерлері З.К.Батталова (қазақстандық саяси қайраткер), Ч.Лепсизбаев (құқық қорғаушы, Eurasian Expert Council сараптама кеңесінің басқарма төрағасы) және С.Тайтенова (Ақмола облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі) үш бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбын ашты: интерактивті карта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және жобаларды басқару.
Онлайн-тренингтер форматындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім адамгершілік, зияткерлік, мәдени даму және жеке тұлғаның сыбайлас жемқорлықтан бас тарту, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесіне оң әсер етеді.