Вторник, 24 ноября 2020 12:48

Қайырымдылық жасасаң

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қайырын өзің көресің, — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.

Ауданымызда тағы бір қуанышты жаңалық. Макинск қаласының тұрғыны, тұрғын үйге мұқтаж азамат Серікберген Тұрдахын қайырымды жандардың арқасында кеше өз жеке үйінің иесі болды.

Бұл игі істе демеушілік қолдау көрсеткен "ГарантФарм- Астана" ЖШС-нің директоры Айтуғанова Гүлжахан Еламанқызына және жергілікті кәсіпкерлер Элдар Тасылбековке, Қуат Баймагамбетовқа, Сұңғат Қанаевқа, Нұрбек Сексеновке, Жасұлан Нұрғалиевқа зор алғысымызды білдіреміз.

Серікберген Тұрдахынды аталған қуанышты күнімен аудан әкімінің орынбасары Ораз Смағұлов пен "ГарантФарм- Астана" ЖШС-нің өкілі Александр Казовский

құттықтап, үй иесіне зор денсаулық, отбасылық амандық тіледі.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 232 раз