Вторник, 24 ноября 2020 08:52

"Сіз Көкшетауды білесіз бе?"

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

"Сіз Көкшетауды білесіз бе?" фотовикторинасында жеңімпаз атанған жерлесіміз Зоя Михайловна Акаеваны жеңісімен құттықтап, музей атынан естелік  сыйлықтарды тапсыру кезінде біз жақынырақ танысып, оның  шығармашылық адамы екенін білдік.

Керемет әдемі авторлық қуыршақтар жасаумен айналысатын Зоя Михайловна суретші болғанымен, ең алдымен авантюрист. Мүлдем өзіңе беймәлім нәрсемен айналысуды бастау үшін адамға қаншалықты батылдық қажет десеңізші. Қуыршақ жасаушыларға да солай. Бір қуыршақ жасау үшін қанша мамандықты игеру керек! Мүсінші, суретші, визажист, шаштараз, етікші, тігінші... Қуыршақ жасау – сиқырға толы қолөнердің бір түрі екенін әуесқойлар түсінеді, өйткені әр қуыршақтың өзіне ғана тән сипаты мен өзіндік жаны бар!

Зоя Михайловна іс тігуді және тоқуды ерте үйреніп, өмір бойы өнерін жетілдірумен келеді. Алайда ол бұл сүйікті ісінің болашақта осыншалық қажетіме жарар деп ойламаған. Зейнетке шығар алдында болашақта немен айналысатыны туралы ойланған Зоя Михайловнаның сүйікті ісі алдынан шықты. «Сүйікті ісім маған барлық ауруларымды ұмыттырып, уақытты тамаша өткізуіме көмектеседі», - дейді Зоя Михайловна. Бәрі өздігінен пайда болады. Зоя Михайловнаға мүсіндеу барысы ұнайды, ол қуыршақтың басын, аяқ-қолдарын мүсіндеуден бастайды... Сөйтіп пайда болған бейнеге шашы, көздері мен киімі таңдалады. Кейбір қуыршақ бір күнде-ақ дайын болады, ал кейбіреулерінің киімдері  бірнеше рет өзгертіліп, ұзақ орындалады.

Зоя Михайловнаның қолынан шыққан қуыршақтар тек Көкшетауда ғана танымал емес, оның жұмыстары бірнеше рет Алматыда өткен "Қуыршақтар шақырады" көрмесіне қатысқан. Қазір де  Орталық мемлекеттік музейде өтетін Asia doll 2020 авторлық қуыршақ көрмесіне қатысуға жиналуда.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 242 раз