Понедельник, 23 ноября 2020 13:15

Е.МАРЖЫҚПАЕВ: «...ҮШ АУЫСЫММЕН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУІМІЗ КЕРЕ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл  Целиноград ауданына қарасты  Қосшы ауылындағы білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепте жаңа үлгідегі мультимедиялық кабинеттер жабдықталған. Бүгінде кезекші топтарда оқитын оқушылар заманауи сынаптарда білім алып жатыр. Оқу ордасының жұмысымен танысқан облыс әкімі Ермек Маржықпаев білімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аудару керектігін атап өтті.

Күрделі жөндеу жұмыстары барысында Қосшы ауылындағы № 1 орта мектептің  терезелері жаңартылып, бейнекамералар орнатылды, жаңа жиһаздармен жабдықталды.  Электр және кәріз жүйесі жөнделді. Жоба құны 240 млн теңге.

Шынымен, білім ошағы 1964 жылдан бері бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Мектепте 2 мыңға жуық оқушы оқиды. Қазіргі эпиджағдайға байланысты кезекші топтарда 260  өрен білім алуда.

СҰЛУАЙ ІЛИЯСОВА, №1 ҚОСШЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қасым-Жомарт Кемелұлы келгеннен бері, осы мектебімізге автобус сыйға тартылды. Осы тұрған мультимедиялық кабинетті сыйға тартты. Көптеген өзгерістер болды. Соның әсері болар, балаларға көңіл-күй сыйлағандарына. Оқушылар да, ата-аналары да қуанышты күйде жүр. Мектепке келуге асығуда.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев мектептердің жағдайына, білім сапасына, үш ауысыммен оқыту мәселесін шешуге назар аудару қажеттігін ерекше атап өтті. 

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ  Тағы қайталап айтайын, білім сапасын ақсатпауымыз керек. Мына мектепті жөндеп бердік. Сонымен қатар, осы ауылда тағы бір  мектеп салып жатырмыз. Ол білім оашағын келесі жылы тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде оның іргетасы қаланды. Үш ауысымды жою мақсатында осы мектептің бірқатар оқушыларын сол мектепке ауыстырамыз. Сіздердің жұмыстарыңыз біраз жеңілдеп қалады. 

Өңір басшысы аудандағы өзге мектептерде де осындай жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты. Жаңартылған білім ошақтарына ұқыпты болсақ, ұзақ уақыт игілікке пайдалануға болады, - деді әкім кездесу соңында.   

kokshetautv.kz

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, АСЛАН ӘБУТӘЛІПОВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ,

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 257 раз