Понедельник, 23 ноября 2020 13:06

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫНА СҰРАНЫС АРТЫП ОТ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Үкімет денсаулық сақтау Министрлігіне өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуді міндеттеп отыр. Көкшетаулық компания  жаңа үлгідегі 800 жүзге жуық осындай қондырғыны жасап шығарды.

Елде қалыптасқан эпиджағдайға байланысты өкпені жасанды жолмен желдету аппараттарына сұраныс айтарлықтай өсті. Биылға дейін "Тыныс" кәсіпорнында жылына бар-жоғы 50 шақты құрылғы өндіріген.

ВИТАЛИЙ ЦУРКАН, КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ МАМАНЫ  Биыл 803 «Көкшетау-4п»  және 39 «Көкшетау 3» өкпені жасанды жолмен желдету аппараты өндірілді. Сондай-ақ, Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 400  аппарат жеткізу жоспары бар. Келесі жылы тағы 600-ге жуық құрылғы жасап шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда негізгі тапсырыс берушілер Денсаулық сақтау басқармасы мен медициналық сараптама орталығы.

Мұнда күн сайын мұнда 25-ке жуық аппарат шығарылады. Құрылғыларға медициналық мекемелерден де, жеке тұлғалардан да тапсырыс түсіп жатыр.

kokshetautv.kz

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, ӘЙГЕРІМ СҮЛЕЙМЕНОВА, АБАЙ КӘКІМБЕК, ШОҚАН ТӘУКИЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 239 раз