ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР Қоржалжынның тарихы батыр бабалар дәстүрімен жалғасуда.
Самат Мамырайымов туған өлкесінің тарихын сонау бала кезінен аталардың ауызынан естіп, өскен азамат. Нұра өзенінің жағасында балық аулап, осы төңіректегі беймәлім мазарлар мен өзге де жәдігерлерді көзбен көріп, қолымен ұстай жүріп, өткенге көзжүгіртті. Оған қоса туған жердің тамаша табиғатын Қорғалжын мемлекеттік қорығына келетін туристерге көрсетуді қолға алды.
САМАТ МАМЫРАЙЫМОВ, ҰСТАЗ-ӨЛКЕТАНУШЫ Біздің ауылдың маңынан Абылайдың қара жолы өтеді. Оның тарихын облыс орталығының өлкетанушылары зерттеп, екі рет экспедицияға шықты. Мен өзім туризмді дамыта отырып, туған мекенімнің тарихын көпшіліккке жеткізуді мақсат тұттым. Біз тұрған Қаныкей ана мазарының тарихы сонау 17 ғасырдан басталады. Жоңғар шапшыншыларына қарсы күрескен әке-ағаларының жолын қуған анамыздың батырлығы аңызға айналды. Ол кісі өзін құл етіп алғысы келген Жоңғар батырын жарып өлтірген. Осыдан-ақ қазақ әйелдерінің батырлығын сезінер едіңіз.
Өркендеу ауылы жергілікті туризмді дамытуға өте қолайлы. Осынау игілікті істі алғашқылардың бірі болып қолға алған Самат Мамырайымовтың жоспары ауқымды.
ҚАЛДЫБАЛА ЖОЛДЫБАЕВА, АМАНГЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ауыл туризмін дамытуды алғашқы болып қолға алған ұстаз Самат Мамырайымовтың қадамы жақсы. Оның жоспары да өте кең. Бір өкініштісі Өркендеу ауылында ауыз су проблема болып тұр. алдағы уақытта бұл мәселе шешілсе, туристерді ұялмай тартуға болар еді.
Ұстаз әрі өлкетанушы Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты ауыл туризмінің ауқымын кеңейту жолында арнайы бағдарлама жасады. Ол жүзеге асса Өркендеу ауылының тамаша табиғатын тамашалауға алыс-жақын шетел туристерінің де келері күні алыс емес.
Қ.МҰХАМЕДЖАНОВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙҰЛЫ