Воскресенье, 22 ноября 2020 17:27

COVID-19: АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ТОЛЫҚ ДАЙЫН

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Сандықтау ауданында коронавируспен ауыратын 15 науқас дәрігерлердің бақылауында. Үйде жедел респираторлық вирустық инфекциялар, пневмония және коронавирустың жеңіл белгілері бар науқастарға қызмет көрсететін 6 мобильді топ құрылды. Бұдан бөлек, дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті түрде жасақталды. Басты назар аудандық ауруханалардың дайындығына аударылды.

ЕРЛАН КӘРІМОВ, АУДАНДЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ  Бізде қазан айынан бері 15 науқас ем қабылдап жатыр. Оның бесеуі Көкшетаудағы инфекциялық стационарға жатқызылды. Сырқаттанғандар 45 жастағылар және одан егделер.

Аурудың барлық кезеңінде Сандықтау ауданындағы 41 елдімекеннің 14-інде  коронавирус дерегі тіркелді. Ең көбі Балкашино селосында анықталды. Мұнда 58 адам вирус жұқтырған. Қазіргі уақытта 35 адам дәрігерлердің бақылауымен үй карантинінде.

АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ 4 адам жеңіл дәрежеде ауырғандықтан, амбулаторлық емдеуде. Сырқаттар көбейген жағдайда біз уақытпен санаспай жұмыс істеуге дайынбыз. Дәрілік заттардың, препараттар мен дезинфекциялық құралдардың қоры жеткілікті. Өкпені жасанды жолмен желдететін 5 аппарат бар.

Өкпені жасанды жолмен желдету аппараттары бюджет қаржысына сатып алынған. Сонымен қатар меценаттардың да қолдауы зор болды. Аудандық аурухана жанында коронавирустың жеңіл түрімен ауырғандарды емдейтін провизорлық бөлімше бар.

АЙГҮЛ ОРАЗАЛИНОВА, АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ  Жазда 20 орынға шақталған провизорлық орталық жұмыс істеді. Сол кезде 39 адам ем-дом алып шықты. Қазіргі уақытта бұл бөлімше жабық тұр. Егер қажет болған жағдайда оның жұмысын жандандырамыз. Провизорлық орталықта жұмыс істейтін мамандардың бәрі жеткілікті. Аудандағы эпиджағдай тұрақты.

Күні бүгінге дейін медицина қызметкерінің вирустық инфекциямен сырқаттануының бір ғана жағдайы тіркелген. Ал аудан бойынша 497 адам сырқаттанып, жазылып шықты.

kokshetautv.kz

ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АБАЙ КӘКІМБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТО

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 250 раз