Воскресенье, 22 ноября 2020 17:22

АТБАСАРДА БІЛІКТІ ДӘРІГЕРЛЕР ТАПШЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Атбасар ауданында биыл егін бітік шықты. Былтырмен салыстырғанда 5 мың тонна көп өнім жиналған. «Бизнестің жол картасы» аясында  59 жаңа жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, екі мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ауданның өзге де әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жайлы әріптесім Айсәуле Съезбек тарқатады.

Атбасар халқының орташа жалақысы биыл 147 мың 761 теңгеге жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 16,7 процентке жоғары. Бұндай әлеуметтік-экономикалық өсімге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді  20, құрылыс салу қарқынын 47 процентке  арттыру тікелей себеп болған.  Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасыларына 90 пәтерлі екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудандағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы 116 млн. теңгеге жаңартылған. Енді дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етіп, маман тапшылығын шешу мәселесі кезекте тұр.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Өкінішке орай, аудандық ауруханада  24  жоғары білімді дәрігер жетіспейді. Осы мәселені шешу барысында облыс әкімі Ермек Боранбайұлының қолдауымен + бос тұрған центр крови ғимаратын+ 2021 жылы + осы медицина саласының қызметкерлеріне деп 25 пәтерлі үйге айналдырайық деп отырмыз.+2021 жылға екі дәрігерді оқытуға студентті қаражат қаралып отыр.

Төтенше жағдайға байланысты аудандағы бөлшек сауда айналымының көлемі 4,8 процентке қысқарды. Дегенмен негізгі капиталға 7 млрд теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде, Атбасар мемлекеттік бюджетке 3 млрд теңге салық төледі.

АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында аудан меценаттары мектептерді жөндеуге және ЖСҚ әзірлеуге жалпы сомасы 47,0 млн.теңгеге демеушілік көмек көрсетті.

Айта кетерлігі, ауданда қылмыс саны 37,2 процентке азайған. Алайда ауыр және аса ауыр қылмыс 2,7 процентке артып отыр. Мемлекеттік қызметкерлер арасында бірде-бір жемқорлық дерегі тіркелмеген.

kokshetautv.kz

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 271 раз