Суббота, 21 ноября 2020 17:24

Көкшетау қаласының тұрғыны «Реверанс» би-спорттық клубының жаттықтырушыларына өз алғысын білдірді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгінгі күні «Реверанс» би-спорттық клубында 5 пен 18 жас аралығындағы 40 бала шұғылданады. Биыл клубка 14 жыл толады, осы жылдар ішінде жаттықтырушылар талай сахна жұлдыздарын дайындады, соның ішінде екі спорт шеберіне үміткер мен екі спорт шебері.

«Реверанс» тарихында көптеген жарқын сәттер болды. Мысалы, Абай Зейнулла и Амаль Байсалбаева «Ювеналы» жастық тобында ҚР екі чемпионатын жеңді. Мадина Аманжолова «Жастар» жастық тобында екі чемпионатты бағындырды. Клуб тәрбиеленушілері бірнеше рет халықаралық сайыстардың (Беларусь, Тайланд, Италия, Украина, Ресей, Молдова, Өзбекстан) жүлделі орындарын иеленді.

Жуырда 716.kz редакция порталына клубтың жұмысы туралы пікірімен бөліспекші болған Көкшетау қаласының тұрғыны хабарласты. Ол клубтың негізін қалаушылары мен жаттықтырушыларының атына жылы лебізін білдірді.

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, талай ақын-жазушылардың шығармасына арқау болған, Көкше жері! Қандай сұлу табиғатын бөлсе, қандай жаны жайсаң жандарың! Осынау табиғаты көркем жерде орналасқан мына бір ұжыммен биыл кішкентай балапаным (немерем) Айғаным арқасында таныстым.

Спорт пен өнерін ұштастырып, жастар тәрбиелеп жүрген Көкшетаудағы «Реверанс» атты спорттық би ұжымымен бірге екі рет осы жерде дем алдық, жастардың өнерімен, ұстаздар қауымымен танысып, білісіп қайттым. Себебі 3-4 жастан бері қатысып, би өнеріне талпыныс білдіріп жүрген немеремді жалғыз жібермей, әрі жастардың талпынысын байқайын деген оймен барып келдім. Балаларға, жастардың өнеріне, бір-біріне деген ұйымшылдық сезімдеріне өте разы болып қайттым. Сөзім дәлелсіз болмасын, балам мен жастардың өнерінен бір-екі көрініс:

Бұл «Реверанс» спорттық би ұжымы Қазақстанның біраз ірі қалаларында болып, өз өнерлерін таныстырды. Менің немерем де барған жерлерінен құр алақан келіп жүрген жоқ, мынау соның дәлелі.

Осындай ұжым ұйымдастырып, жастар тәрбиелеп отырған ұзтаздарға: Шарипова Бахыт Наримановна, Шарипова Эльмира Надировна, Жанна Қуанышевна, Дина Рафаиловнаға зор алғысым! Еңбектеріңіздің тек жемісін көріңіздер! Ал мына шәкірттеріңізге, Еркенов Ғайни мен Сұлтанов Нұрбек сияқты, «ақ жол» тіледім», -  деп атап өтті біздің оқырман.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 137 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"