Суббота, 21 ноября 2020 17:18

Білімді жастарды саясатқа тарту. Жасотандықтар жастарды еліміздің саяси және қоғамдық өміріне қатысуға үндейді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Жалпы, ел бойынша 96 адам. Қазір мәслихаттарда осынша жас депутат бар. «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері олардың үлесін 3%-дан бірнеше есеге арттырмақ ниетте. Сол себепті «жастардың еліміздің саяси өміріне көптеп қатысуына жағдай жасау» – алдағы бес жылға арналған «Жастар-Отанға!» бағдарламасының 1-тармағында жазылды.

«Жастар саяси және қоғамдық өмірге, сондай-ақ елді жаңғыртуға қатысуы тиіс деп санаймыз. Сондықтан жастардың саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысуына жағдай жасау керек. 2020 жылы «Сайлау туралы заңға» түзетулер енгізілді. Әйелдер үшін 30% және жастар үшін 20% міндетті квота белгіленді», - деп нақтылады «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифинг барысында.

Әрине, белсенділер білім беруге, оның ішінде оның сапасын арттыру мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағдарлауға көңіл бөлуде. Көптеген университеттердің болашақта сұранысқа ие болмайтын мамандарды дайындаумен айналысатыны баршамызға мәлім. Бұл ретте жаңа мамандықтар тапшылығы артып келеді. Қала және ауыл мектептерінің арасында білім сапасындағы алшақтық мәселесі бар. Жалпы, бағдарлама 2,5 миллион жастарға көмектесуі керек

ortcom.kz                                                                     

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 106 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"