Суббота, 21 ноября 2020 15:41

Ауыл әкімдерін сайлау халық тарапынан оларға деген сенімді арттырады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ауыл әкімдерін сайлаудың оң нәтижелері бар ма? ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында журналис қойған осы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, ауыл әкімдерін халықтың тікелей сайлауы арқылы тағайындауды келесі жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Аталған шара халықты жергілкті билікті басқаруға тартуға бағытталған. Бұл өз кезегінде әкімдердің жауапкершілігін жоғарылатып, оларға деген сенімді арттырады деп ойлаймыз. Жалпы, әкімдер сайламалы қызметке жататын болғандықтан мұнымен Орталық сайлау комиссиясы, олардың жергілікті органдары айналысатын болады», - деді Жайылғанова.

Спикердің атап өтуінше, қазіргі кезде Үкімет облыстың сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, сайлауды өткізудің әдіс-тәсілдемелерін әзірлеп жатыр.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 95 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"