Суббота, 21 ноября 2020 15:33

15, 3 млн. қазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылған

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазіргі уақытта МӘМС-те 15, 3 млн.адам сақтандырылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандыру жүйесінен тыс 3,4 млн қазақстандық бар. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеді.

«3, 4 млн. қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылмаған. Бұл жалпы халықтың 18%-ын құрайды. Оның ішінде 2 млн-нан астам адам БЖТ төлеушілер және дербес, жалдамалы жұмыскерлер, ЖК, жеке практикамен айналысатын адамдар аударымдардың жүйесіз болу себебінен жүйеден тыс қалды. Бұл ретте 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн. адам МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды бірде-бір рет жүргізбеген, сондықтан медициналық сақтандыруда мәртебесі жоқ»,- деп түсіндірді статистиканы Б.Төкежанов.

Ол биылғы жылдың 1 шілдесінде медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдікті кезең аяқталғанын еске салды. «МӘМС туралы» заң бойынша 15 жеңілдік санатын қоспағанда, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қорға жүйелі түрде жарналар мен аударымдар түскен адамдар сақтандырылу мәртебесіне ие. Бірақ ТЖ кезеңінде көптеген адамдарда салым салуға мүмкіндік болмады.

«Осыған байланысты Қор пандемия кезінде оны жоғалтқандарға сақтандыру мәртебесін қалпына келтіру үшін Үкіметке бірқатар ұсыныстар жасады. Қабылданған шаралар медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды «қайтарды»,- деп атап өтті Қор басшысы және жүйеден тыс қалғандарды оның қатысушысы болуға шақырды.

Ол үшін барлық айлар үшін төлемдер болуы керек.

«Сақтандырылған азаматтар медициналық қызметтердің көлемі мен құнына шектелмеген. МӘМС - ке жылына 25 мың теңге шегінде ең төменгі аударымдар төлейтін пациенттер медициналық көмекті тегін алады және олардың жарналарының сомасы маңызды емес»,- деп атап өтті МӘМСҚ басшысы.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 127 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"