Суббота, 21 ноября 2020 15:07

Кәсіпкерлерге нольдік пайызбен несие беру мәселесі қарастырылуда

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Кәсіпкерлер қызметін тоқтатып тұрған жағдайда қызметкерлерінің 80-90 пайызын сақтап қалса, барлық төлемдерін төлеп отырса, ол нольдік пайызбен несие алуы мүмкін. Үкімет бұл шараны пандемия аяқталғаннан кейін қолға алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов журналистің сауалына берген жауабында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл қажетті шара.

Қазіргі кезде келіссөздер жүргізілуде. Несиені ұйымдастыру мемлекеттік бюджеттің күштілігіне байланысты болады.

«Пандемия басталғалы, ТЖ кезінде де кәсіпкерлермен кері байланыс орнатылды. Орташа есеппен 100 мыңнан астам сауалнама өткізілді. Кәсіпкерлер тікелей call-орталыққа хабарласты, біз оларға арнайы сайттар ашып, сауалнамалар ұсындық. Кәсіпкерлер негізінен 6 мәселені көтерген. Оның бәріне қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет тарапынан тиісті шаралар қабылданды», - деді А.Мырзахметов.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы басшысын мәліметінше, карантин салдарынан қызмет көрсету саласында 800 мыңға жуық кәсіпкер қиыншылық көрді, 70 мыңы – банкротқа ұшырауға жақын, ал 1/3 – штатын таратып жіберген. 17 тамызда карантиннің шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін кәсіпорындардың көбі жұмысын жандандырды, тек 200 мыңға жуығы түрлі себептермен жұмысын бастай алмай отыр. Алдағы уақытта шешімін табатын тағы бір мәселе: табыс болмаған жағдайда бизнес несиелерді қалай төлеп жатыр? Жеке кәсіпкерлердің 90%-ы «каникул» баяғыда аяқталған шағын несиелік және тұтынушылық несиелер алады.

ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 97 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"