Суббота, 21 ноября 2020 14:09

Нәтижелі әңгіме

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бурабай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Айтмағамбет Жолшориновпен кездесті.

Баяндамашы кездесу кезінде коронавирустық инфекцияның екінші толқынның қаупі мәселесіне назар аударды. Ол кішігірім ұжымның жұмысын жоғары бағалады. Ол бұл тұжырымды аудан аумағындағы әртүрлі объектілерге барғаннан шығарды. Сұрақтарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі дайындаған уәкіл Айтмағамбет Жидебайұлы сауалнама жүргізді. Қатысушылардың сауалнамаға берген жауаптары моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығы, жағдайды түсіну және кәсіби жауапкершілік дәлел болды.

Кездесуде облыс және республика көлемінде эпидемияға қарсы іс-шараларға дайындық деңгейін арттыру мәселелері талқыланды. COVID-19 алғашқы толқынынан кейін орын алған барлық проблемалық мәселелер жақсартылды. Бұл-халық үшін бетпределердің қолжетімділігі және жаңа модульдік инфекциялық стационарлардың, оның ішінде Көкшетау қаласында да салынуы.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен әңгіме барысында Айтмағамбет Жидебайұлы күнделікті жұмыста төзілімділікті, позитивті кәсіби және адами қарым-қатынасты сақтаудың маңыздылығын атап өтті, өйткені залда отырған мамандардың өмірі мен денсаулығына ықпал ететін талаптардың жетекшісі болып табылатындығын ұмытпау керек.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 83 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"