Суббота, 21 ноября 2020 13:42

Ұстаз – әрбір баланың бойына адамгершілік, ізгілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіріп, тұлғалық шыңдалуына ықпал жасайтын жан

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ұстаз – әрбір баланың бойына адамгершілік, ізгілік, отансүйгіштік қасиеттерін сіңіріп, тұлғалық шыңдалуына ықпал жасайтын жан. Қиын да қастерлі салаға еніп, ұрпақ тәрбиелеу жолында жасап­ жүрген еселі еңбектері шексіз. Саналы ғұмырын білім саласына арнап, шәкірттерін терең білім нәрімен сусындатып, кәсіби ісін шығармашылықпен атқарып келе жатқан мұғалімнің бірі, бірегейі -Шортанды №3 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейілхан Жанаргүл.

Қашықтықтан оқыту жағдайында жұмыс атқарып жүрсе де, мұғалім бір сәт те өзінің шығармашылық ізденістерін тоқтатқан емес. Соның айғағы Бейілхан Жанаргүл білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін Ақмола облысы Білім басқармасының «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

Сонымен қатар қазақ тілі пәні бойынша ұйымдастырылған республикалық қашықтық «Педстарт» олимпиадасының жүлдегері атанды.

Республикалық  «UST.KZ» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздар арасында өткен олимпиадасының жеңімпазы атанып, «І дәрежелі Дипломмен» марапатталды. Еңбекқор, ізденімпаз, шәкірттерінің жүрегінен орын алған әріптесімізді жүлделерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 96 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"