Суббота, 21 ноября 2020 12:39

Көкшетауда жаңадан бой көтерген Сарыарқа мөлтек ауданының турғындары Nur Otan партиясына шағым айтып келді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетауда жаңадан бой көтерген Сарыарқа мөлтек ауданының турғындары Nur Otan партиясына  шағым айтып келді.  Олар ауласына тағы бір үй тұрғызуға қарсы. Мұнда онсыз да көлік қоятын жер жоқ. Балалар ойын алаңы да дұрыс жасақталмаған. Сондықтан құрылысқа қалай да жол бермейміз дейді тұрғындар.

Халықпен кездесуге қалалық партия филиалының төрағасы, Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смаилов келді. Әкімге базынасын айтқан тұрғындар 5 қабатты үй салуға жол бермейміз деп бекініп отыр. Ересектер болса  балаларға бос жатқан жерге уақытша футбол алаңын жасап беріпті. Енді сол жерде тұрғын үй бой көтермек. Бұл 5 қабатты тұрғын үй жылдар бойы кезекте тұрған отбасыларға арнап салынбақ.

Былай тартса  арба сынады, былай тарса өгіз өледінің кебін киген әкімдіктегілер, құрылыс мәселесін тағы бір қарап, бұл мәселені тұрғындармен ақылдасып шешетіндігін айтып,көндірді. Мәселе Nur Otan партиясының Ақмола облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының  бақылауында болмақ.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 101 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"