Пятница, 20 ноября 2020 18:14

Азаматтардың қызмет көрсету саласындағы сұрақтарына тікелей эфирде жауап берілді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша тікелей эфир өткізді.

Спикерлер ретінде мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Әділбек Мұхамеджанов және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрбек Қайыржанов қатысты.

Эфир барысында түсініктеме алу үшін 10 азамат жүгінді. Эфирге қатысушылар саны 108 адамды құрады. Instagram қолданушыларын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жұмысқа орналасу, сондай-ақ электрондық-цифрлық қолтаңба алу, мобильді азаматтар базасында тіркелу, жер учаскесін тіркеу сияқты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтар бойынша толық түсініктемелер берілді.

Бүгінгі таңда әр адамның түрлі салалардағы мемлекеттік қызметтерді алу мәселелері бойынша қажетті кеңес алу мүмкіндігі бар. Ол үшін 51 81 33 телефонына хабарласу қажет.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 162 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"