Понедельник, 09 ноября 2020 17:31

Бүгінде өңірдегі коммуналдық мекемелерде жұмыс қызу

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Қыстың қамын жазда ойла». Бүгінде өңірдегі коммуналдық мекемелерде жұмыс қызу.  Яғни, шаһар көшелерін қардан тазартатын техникалардың дайындығы пысықталуда. Бірқатар жаңа қондырғалар да сатып алынған. Қазіргі таңда қысқы науқанға техникалар толығымен дайын. Әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.

Қыс жақындаған сайын  коммуналдық шаруашылық мамандары техникаларының кем кетігін толтырды. Яғни, машиналарын майлап, қысқа сайлап қойған. Осы жылы қаланың тазалығына екі серіктестік жауап береді. Соның бірі «Зерен плюс – 2006» кәсіпорны.

ДУЛАТ ӘМІРОВ, СЕРІКТЕСТІК ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫСЫ?  Бүгінде серіктестікте 80-ге жуық адам жұмыс істейді. 40-тан астам техникамыз бар.  Жұмысшылардың барлығы қажетті қысқы киімдермен қамтамасыз етілген. Осы жылы жаңадан техника алынған жоқ. Десе де, келесі жылға бірқатар техника аламыз деп жоспарлап отырмыз.

ЕРБОЛ ТӨЛЕУОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Қыс мезгіліндегі көше тазалығына бізде екі кәсіпорын жауап береді. Ол «Көкше тазалық» және «Зерен плюс» серіктестіктері. Осы екі кәсіпорынмен келісім шарт жасалды.   Екі компанияға 89 млн теңге бөлінді. Егер үлмермейтіндей жағдай туындаса онда «Көкше Жылу» мен «Көкшетау су арнасы» кәсіпорындарының техникалары да жұмылдырылады.

Осы ретте, «Көкшетау су арнасы» кәсіпорны да қысқа науқанға дайындығын мықтап қолға алған. Техникалық базаларын жаңғыртып, бірқатар заманауи қондырғылар сатып алған. Олар қала бойынша 60 мың абонетке қызмет көрсетеді.

ИВАН ДАНЧЕВ, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ»  КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бүгінгі таңда бізде 78 техника бірлігі бар. Соның 69-ы жұмысқа толық дайын. Барлық техникалар арнайы тексерістен өтті. Әр көлікте жүргізушісі, механик және слесарь болады. Қысқы науқанға толық дайын. Жаңа техникалардан осы жылы дизельді генератор сатып алдық. Оның қуаттылығы 200 килобат.

Бүгін де облыс бойынша қар тазалауға 376 техника  қарастырылып, 600-ге тарта адам жұмылдырылмақ. Сонымен қатар, мамандардың жай күйі де назардан тыс қалмайды. Киетін қысқы киімдерінен бастап, қолдарына ұстайтын құрал саймандары, физикалық дайындықтарына да ерекше мән берілген.

kokshetautv.kz

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 1141 раз