Суббота, 31 октября 2020 13:00

ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Целиноград ауданында ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, жер қойнауын пайдаланушылары жәнекәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті.

Күн тәртібінде Целиноград ауданы бойынша денсаулық сақтау және құқық қорғау жүйесін дамыту мәселесі талқыланды.

Кездесуді ашқан аудан әкімі Бахидбек Оспанбеков коронавирус пандемиясының барлық тауар өндірушілердің жұмысына белгілі бір түзетулер енгізгеніне қарамастан, ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша тұрақты жағдай сақталып отырғанын атап өтті. Алайда, жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін салалар бар. Бірінші кезекте бұл біздің азаматтарымыздың денсаулығы мен қауіпсіздігі.

Бірінші болып Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Мұхтар Досхожин сөз сөйледі. Аудан аумағында 46 медициналық нысан бар, оған 473 қызметкер жұмылдырылған.Олардың ішінде аудандық емхана тек 17 медициналық нысанға меншік құқығына ие, көптеген ауылдарда үй-жайлар жалға беріледі, ал кейбір жерлерде мүлдем жоқ.

Сөз сөйлеу барысында ауданның бас дәрігері денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі - көптеген денсаулық сақтау объектілері ғимараттарының қанағаттанғысыз жай-күйі, медициналық жабдықтардың, жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі, медицина кадрларының тапшылығы және медицина қызметкерлері үшін қызметтік тұрғын үйлердің болмауы екенін атап өтті.

Ауданда халық санының жыл сайын ұлғаюымен аудандық аурухана ашуға өткір қажеттілік бар, оның негізгі міндеті аудан халқына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру болады.

Бүгінгі күні аудан аумағында Қосшы ауылында бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана және Софиевка ауылында бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізілуде.

Одан әрі Целиноград аудандық полиция бөлімінің бастығы Қанат Битақов сөз сөйледі. Бүгінгі таңда «Бір қадамдық жерде қолжетімді полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау жүргізілуде, онда учаскелік инспекторға басты рөл беріледі.

Полицейлердің нәтижелі жұмысы үшін учаскелік полиция инспекторларын, сондай-ақ учаскелік полиция пункттерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселесі өткір тұр.

Өз сөзінде полиция полковнигі штат санының тапшылығын, көптеген учаскелік инспекторларда қызметтік тұрғын үйдің жоқтығын, қызметтік автокөліктің қанағаттанарлықсыз жай-күйін атап өтті. Көптеген елді мекендерде УПП-ға шығатын бейнекамераларды орнату қажеттілігі бар.

Спикерлерді тыңдаған соң әріптестеріне «Агрофирма «Родина» ЖШС Бас директоры Иван Сауэр және «Целиноградское» НС» ЖШС төрағасы Сағадат Әшебеков айтылған түйткілді мәселелерге назар аударып, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершілік танытуға шақырды.

Кәсіпкерлер Иван Адамович пен Сағадат Қайыржанұлының үндеуін қолдап, осындай іс-шараларды жүйелі түрде өткізу қажеттігін атап өтті. Пікір білдіру барысында осы мәселелерді жергілікті билік органдарының бақылауымен ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастығының пікірін ескере отырып шешу, сондай-ақ осы жылы денсаулық сақтау ұйымдары мен учаскелік инспекторларды автокөліктермен жарақтандыруды іске асыруға кірісу ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, аудандық емхана базасында жазда 50 орындық провизорлық стационар ашылды, онда «Жақыныңа өмір сыйла» акциясы аясында 22 млн. теңге қаражат жиналды. Қаражаттың басым бөлігін Целиноград аграршылары мен кәсіпкерлері жинады. 6 млн. теңгеге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар сатып алынды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 172 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"