Суббота, 31 октября 2020 10:49

Тіл ғұмыры- ұлт ғұмыры

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ұлтым  шешен  болса  да,  жаным – қазақ деуден  жаңылмайтын Қабанбай батыр ауылының тұрғыны Сукалов Магомед Батайұлы боламын. Целиноград ауданы Достық орталығы ашылғалы төраға қызметін атқарып келемін.

Қазақтар – ешқашан түр мен тілге, діл мен дінге қарап бөлінбеген қонақжай халық. Шешен халқы да – сондай қонақжай. Мен өзімнің шешен екенімді ұмытқан емеспін, бірақ жаным қазақ болған соң жұртқа қазақ шешенмін деп танысамын.

Тілім басқа болса да, қазақтармен тілегім, жүрегім – бір. Өйткені менің Отаным – Қазақстан. Сондықтан да оның тілін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын білуім – міндет. Мұны мен өз балаларымның құлағына құюдан кенде емеспін.

Халқымыз өзім деген өзге ұлттарды өзекке теппей, бүгінде тату-тәтті өмір сүріп жатыр.  Осындай тату, тілге бай мемлекетте өмір сүріп жатқаным үшін мақтанамын және алғысым шексіз. Балаларымды қазақ жерінде ер жеткізіп, қазақ тілінде тәрбиемді бердім.

Тілімізді құрметтегенім соншалықты әрқашан қазақ тілінде сөйлеймін, және өскелең ұрпақтыда соған шақырамын. Кейбір жастарымыз ана тілдерінде сөйлемейді, соған іштей жабырқап қаламын. Ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі деп есептеймін.

Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде аз ұлттар мен ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қорыта келгенде, Абай әрлеген тіл, Жамбыл жырлаған тіл – қазақ тілі, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болып қала бермек!  

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 161 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"