Суббота, 31 октября 2020 10:42

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен «Ауыл» ХДПП Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім»

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі мен «Ауыл» ХДПП Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Ұлттық құндылықтарды дамыту тұжырымдамасы» тақырыбында зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы  Дәулеткерей Кәпұлы, өңіріміздің танымал ақындары Қуаныш Оспан мен Мерген Тоқсанбай, Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлері мен «Ауыл» ХДПП мүшелері қатысты.

Іс-шараның тізгінін ұстаған Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова өңірімізде қолға алынған ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарға шолу жасап,  «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылып жатқан шараларға тоқталып өтті. Сөз соңында биылғы жылы жарық көрген «Абылай ханның қара жолы» ғылыми жинағы мен өңір қаламгерлерінің жыр жинақтарын, «Рухани Aqmola» журналының жаңа санын іс-шара қонақтарына сыйға тартты.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген ақын, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы ұлттық құндылықтарды насихаттау туралы өз ой-тұжырымдарымен бөлісті, ақын Қуаныш Оспан өзінің ауыл туралы жырларын ортаға салды.

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ермек Бекенұлы өңірлердегі әлеуметтік ахуалға тоқталып, ауылдық елді-мекендерді дамытудың өзектілігін сөз етті.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 173 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"