Суббота, 31 октября 2020 10:35

«Ақмола облысының таланттары» - жобасы

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Өнерімен өнегелі!

Тілеукенов Ербол Есенұлы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Жастар театры» МКҚК-ының әртісі.

1984 жылы Біржан сал ауданында туған. 2003-2006 жылдары Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінде «Драма театрының әртісі» мамандығын меңгерген.

2010 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын «Драма және кино әртісі» мамандығы бойынша, профессор Нұрқанат Жақыпбаевтың курсын аяқтаған.

2010 жылдан бастап Жастар театрының әртісі.

Театрдағы рөлдері:

Л.Бернстайн «Вестсайд оқиғасы» - Риф;

Ғ.Мүсірепов «Қозы мен Баян» - Қозы;

Б.Соқпақбаев «Көзіме бір көрінсең бала ғашық» - Қожа;

У.Шекспир «Асауға тұсау» - Транио;

М.Леви «Жер мен көктің арасы» - Дәрігер, даяшы;

С.Жүнісов «Тырау-тырау, тырналар» - Қасым;

Ж.Б.Мольер «Жорж Данден немесе ақымақ болған басым-ай...» - Любен;

Т.Миннуллин «Диляфруздың төрт күйеуі» - Жамиль;

Ю.Алесин «Күлше қыз» - Ханзада, Падэтруа;

С.Қасымбек «Наурыз ару» - Құмырсқа және басқа да рөлдері.

Кинодағы рөлдері:

2016 ж. «Прищельцы в ауле» - Марат;

2017 ж. «Бір келіншек» - Талғат.

2018 жылы Астана қаласы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешовтің атынан арнайы «Алғыс хатпен» марапатталған.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 175 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"