Суббота, 31 октября 2020 10:30

«КӨКШЕТАУ – КӨК ҚАРАҒАЙ МЕКЕНІ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің жұртшылыққа үндеу жасап, «Көкшетау – көк қарағай мекені» экологиялық жобасын бастағаны кеше ғана еді. Естеріңізде болса, Жобалық кеңсе қызметкерлері ағымдағы жылдың 20 қазаны күні ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне 30 түп жас қарағай отырғызып, «Көкшетау – көк қарағай мекені» брендін қалыптастыру ниетімен көпшілікке ұран тастаған еді.

Мінекей, игілікті жоба қолдауын тауып, экологиялық ахуалға немқұрайлы қарамайтын облыс орталығындағы түрлі мекеме ұжымдары жобаны жалғастыруға ниет білдіруде. Күні кеше ғана Көкшетаудың қадірлі азаматы Қаратай Төлекеев бастаған Ақмола облыстық Оқу-әдістемелік орталығы ұжымы үндеуге үн қосып, Көкшетау қаласындағы Қ.Сәтпаев көшесінің бойына 10 түп қарағай отырғызды.

Осы орайда, «Көкшетау – көк қарағай мекені» жобасын бірқатар еңбек ұжымдары жалғастыруға ниетті екенін зор қуанышпен хабарлаймыз!

Ақмола облысының Оқу-әдістемелік орталығы ұжымына қоғамдық белсенділік танытып, «Көкшетау – көк қарағай мекені» жобасына қолдау білдіргендері үшін зор алғысымызды білдіреміз!

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 266 раз Последнее изменение Суббота, 31 октября 2020 10:32
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"