Суббота, 31 октября 2020 10:25

Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары кәсіби білімді мамандар

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл жайлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы департаментінің 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы бойынша өткен брифингте анық болды.

Ағымдағы жылды қамтыған мониторингтің қорытындыларына сәйкес, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамы жақсарған.

Департамент басшысының орынбасары Дархан Хайруллинның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары кәсіби білімді мамандар, 17% екі не одан көп білімі барлар құрайды.

Сондай-ақ, гендерлік саясат сәтті жүзеге асырылуда. Қызметкерлердің 65,3 нәзік жандылар, оның ішінде 21% жетекші орындарға ие.

«Соңғы 3 жылда қызметтен кету де азайып келеді. Бүгінгі күні таза айналым 3,1% құрайды. Соңғы екі жылда мемлекеттік басқару академиясына түсушілер саны да 2 есеге артты», - дейді спикер.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің үштен бір бөлігі жыл сайын Академияның филиалында курстан өтеді, соның арқасында әрбір 3 жылда қызметкерлердің 100% пайызы біліктіліктерін арттырады. Биыл бұл көрсеткіш 1 211 қызметкерді құрап отыр.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 175 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"