Воскресенье, 25 октября 2020 14:47

Қойылған талаптардың ескерілгені абзал

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Советқызы Мусина демалыс күндері Көкшетау қаласындағы сауда орталықтарының жұмыс істеймейтінін және алдағы уақытта олардың жұмыс кестесі қандай болатыны туралы жасаған мәлімдемесін қолдаймыз.

Бас санитарлық дәрігердің айтуы бойынша сауда нысандарының жұмыс істеуі эпидемиологиялық жағдайға тікелей байланысты. Өйткені, эпидемиялогиялық жағдай осы күндері  ушығып, ауруға шалдыққандар саны күннен-күнге артып отыр. Оның себебі халықтың басым бөлігінің санитарлық дәрігерлер тарапынан  қойылған талаптарды ескермеуі және арнайы режимді  сақтамауы салдарынан орын алуда.

Сондықтан, барлығына әсіресе жабық бөлмелерде, қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию мен қашықтықты сақтау қатаң талап етілгенін қолдаймыз.  Адамдар аурудың таралуына жол бермей, дәрігерлердің кеңесіне құлақ асып, оларды жүзеге асыруы керек деп ойлаймын. Сонда ғана біз бұл дерттен құтылып,  оны жеңіп шығарымыз сөзсіз.

Сөзімнің соңында жерлестеріме айтарым «Сақтансаң, сақ боларсың» деген халық даналығын естерінен шығармай, күтініп-сақтанып жүруге шақырамын.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 195 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"