Воскресенье, 25 октября 2020 14:40

Бәрі де адам денсаулығы үшін

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Короновирус індетінің таралуына жол бермеу мақсатында өңіріміздегі бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес енгізілген карантин шараларына шын мәнінде түсіністікпен қарауымыз керек. Себебі, мұның бәрі де адам денсаулығы үшін жасалып жатқан игі шаралар.

Бұл індет жалпы әлем халқын да алаңдатып отыр. Өкінішке орай, пандемия біздің елді де айналып өткен жоқ. Күні кеше ғана осы инфекцияның салдарынан қаншама адам дертке шалдықты.

«Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Сақтанып жүруіміз керек. Көпшілік облыстық бас дәрігердің қаулысына сәйкес демалыс күндері қоғамдық көліктердің, сауда үйлерінің жұмысы тоқтап жатқандығын айтып дабыл қағуда. Таразының бір басында адам денсаулығы тұрған сәтте, ешқандай себеп-салдар айтуға болмайтын шығар. Әр нәрсеге сабырлықпен қарайық, ағайын.

Шынында да, бұл дүниенің мәні де, байлығы да адам ғұмыры. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін әрбір жанның денсаулығы мықты болса, бұдан асқан бақыт бар ма?! Өз басым он баланы дүниеге әкелген көпбалалы анамын. Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік жырын айта отырып, іштей солардың саулығын тілейтінмін. Аллаға шүкір, бүгінде сол балаларымнан өрбіген немере-жиен сүйіп отырмыз. Ендігі орайда осылардың денсаулығы мықты, алаңсыз, бейқам өмір сүргенін тілеймін. Көп кешікпей бұл індет те жойылар, сабырлық танытып, денсаулық қорғаны болып жүрген ақ халатты абзал жандарға жәрдемдесуді ойлайық. Себебі, бәріміздің шаңырағымыз бір, үйіміз ортақ, бір бауырмыз.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 237 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"