Суббота, 24 октября 2020 13:37

Озат әрі іскер тігінші Айнагүл Сейітова

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

«Тыныс» акционерлік қоғамы шығарған өнімдер облысымызға ғана емес, республика аумағына кең танымал. Нарық талабына бейімделген кәсіпорын сұранысқа ие тауарларды шығаруды жолға қойған. Содан болар, өнімді өткізуде еш қиындық жоқ.

Биыл көктемде коронавирус дертіне байланысты бетпердеге деген сұраныс туған кезде, кәсіпорын осы өнім түрін шығаруды алғашқылардың бірі болып жедел қолға алды. №9 тігін цехы бетперде шығаруды жолға қойды.

Цехта бүгінгі күні 57 тігінші еңбек етеді. Олардың бәрі дерлік әйелдер. Мұнда өз істерін жетік білетін білікті мамандар аз емес. Солардың бірі Айнагүл Сейітова. Ол Көкшетау қаласындағы №11 кәсіби лицейді бітірген соң өз мамандығына сай осы кәсіпорынға жұмысқа орналасқан еді. Алғашқы күннен бастап өзін жақсы қырынан көрсеткен маман көп ұзамай өз ісінің кәсіби шеберіне айналды. Содан бері алты жылдай уақыт өтіпті.

Өз жұмысын шебер меңгерген тігінші жаңадан келген жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 224 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"