Суббота, 24 октября 2020 13:22

Электр желілерін қалай қосуға болады?

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Тілшіміз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Жасұлан Қасеновке жолығып, электрмен жабдықтауды жақсарту жөнінде әңгімелескен еді.

–Жасұлан Серікұлы, электр желісіне қалай қол жеткізуге болады? Егер заң бұзушылықтар анықталса, қандай жауапкершілік көзделген?

–Электр желісіне қол жеткізу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым көп пәтерлі құрылыстарда тұратын тұтынушыларды қоспағанда, әрбір тұтынушыға техникалық шарт береді. Электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзіміне қойылатын талаптар бұзылса және энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар технологиялық бұзушылықтар туралы ақпаратты уақытылы, анық бермейтін болса, басшыларды әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің (Кодекс) 301-1 және 301-2-баптарымен жауапқа тарту көзделген. Мәселен, электр желілеріне қосуға арналған техникалық шартты беру тәртібі мен мерзімділігіне қойылатын талаптар бұзылса, кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Егер, электр желілеріне қосуға арналған құжаттарды қабылдаудан және техникалық шартты беруден бас тартса, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады.

Бұдан басқа, энергиямен жабдықтаушы ұйым энергиямен жабдықтаудың жеке шартын тұтынушымен жасасудан бас тартатын болса, Кодекстің 172 бабы 6-тармағымен жауапкершілікке тарту көзделгенін атап өту қажет. Қағидалардың 12-тармағына сәйкес энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр энергиясына қосу үшін техникалық шартты мынадай жағдайда береді: энергия беруші ұйымның электр желілеріне жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосқанда; тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шартта белгіленген қуаттан артқанда; электрмен сырттай жабдықтау сызбасы өзгергенде; тұтынушының электр энергиясы қабылдағыштарын электрмен жабдықтау сенімділігінің санаты өзгергенде береді.

–Энергия беруші ұйым тұтынушыларды қандай мерзімде электр қуатына қосады?

–Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым электр қондырғыларын тұрақты түрде пайдалану үшін тұтынушылар анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін өзінің электр желілеріне қосады. Аталмыш ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға беру кезінде электр кернеуін өндіруді келесі мерзімде жүзеге асырады:

— энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым сыртқы қосу мен коммерциялық есеп жүйесін тексерістен өткізгеннен кейін пайдалануға беру мүмкіндігі туралы қорытындыны ескере отырып, электр қондырғыларын қосуға арналған материалдарды тұтынушылар ұсынған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде электр қондырғыларын пайдалануға береді;

— энергия жабдықтаушы ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға электрмен жабдықтауға арналған шарт жасау туралы хабарламаны 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынады;

— энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым тұтынушының электрмен жабдықтауға арналған шартқа қол қойғаннан кейін, электр қондырғыларына электр кернеуін 1 (бір) жұмыс күні ішінде береді.

Тұтынушыға электр энергиясын қосу мен беру тек коммерциялық есеп жүйесі бар болса ғана жүзеге асатын болады. Қорыта айтқанда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес, энергетикалық қадағалау мен бақылау жөнiндегi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы электр энергетикасы саласындағы нормативтiк-құқықтық актілері талаптарының сақталуын жүзеге асырады. Осыған байланысты, егер құқық бұзушылықтар фактісі анықталса, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментіне мына мекен-жай бойынша: Көкшетау қаласы, М.Әуезов көшесі, 230, тел. 8(7162)251316, 257867 хабарласа аласыздар.

–Әңгімеңізге рахмет.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 221 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"