Суббота, 24 октября 2020 13:04

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының өрісі кең

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Ақмола облыстық әділет департаменті облыстық «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесімен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын талқылаған семинар-кеңес өткізді.

Семинарға «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесінің және аталмыш департаменттің қызметкерлері, облыстық туризм, мәдениет, білім басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты. Алқалы жиынға төрағалық еткен Ақмола облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Өмірзақов «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құқықтық мәдениетті арттыру тұрғысында департаментте атқарылатын жұмыстарға тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинардың негізгі мақсаты – «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын түсіндіру, Қазақстан халқының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Жалпы, «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің биылғы жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өрісін кеңейткен «Дәстүр мен ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты», «Үнем – қоғам қуаты», «Экологиялық ағарту» және «Құқықтық мәдениет» атты жаңа бес арнайы жоба іске қосылған. Бұл жобалар бағдарламаның тиімділігіне қосымша оң әсер етері даусыз. Міне, осылардың ішінде көпшіліктің құқықтық сауатын арттырып, қоғам арасында «құқықтық мемлекет» құндылықтарының берік орнығуын қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы өңіріміздегі «Фемида» қызметкерлерінің, әсіресе, Ақмола облыстық әділет департаментінің ерекше назарын аудартып отыр.

Сондықтан, аталмыш департаментте өткен семинарда алдымен сөз алған «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің басшысы Марал Жақыпова «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде тәжірибе алмасуға арнайы шақырған департамент басшылығына ризашылығын білдіріп, өңірлік жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарынан толық мағлұмат берді. Одан әрі мәдениет саласындағы қолға алынған іс-шаралар бойынша Сая Бекқажанова, облыстық білім басқармасының бас маманы Марина Ли, облыстық туризм басқармасының бас маманы Наурызбек Бекпаев, облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы Гүлім Рақымжанова өз салаларындағы «Рухани жаңғыру» бағытында атқарылған жұмыстарынан хабарламалар жасады. Сонымен қатар, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында қолға алған шаралар туралы кеңінен сөз қозғалып, бағдарламаны іске асырудағы тиімді әдіс-тәсілдер ортаға салынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа жобаларын талқылаған семинар-кеңеске қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, осы шараға облыс аудандарындағы әділет басқармаларының қызметкерлері де тікелей эфир арқылы қатысып, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасының тұжырымдамасымен жан-жақты танысты.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 248 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"