Суббота, 24 октября 2020 12:52

Шеттен ұшақпен келетін жолаушылар үшін талап күшейтілді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Онда мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде коронавирустың алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы айтылған.

Жаңа қаулыға сай, Қазақстанға шетелден әуе рейстерімен келген барлық жолаушы ПТР әдісімен COVID-19 тестінен өткені туралы анықтаманы ұсынуға міндетті. Анықтама мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс.

«Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін, Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда», –делінген құжатта.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 5 жасқа дейінгі балалар үшін де ерекше жағдайлар бар. Мәселен, оларды алып жүретін адамдарда болған жағдайда анықтама талап етілмейді. Сонымен қатар, әуе компаниясы басшыларына анықтама болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызбауды тапсырды. Бұл тек шетелдіктерге қатысты.

Аталған қаулы 27 қазаннан бастап күшіне енеді. Айта кетейік, бұған дейін көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында коронавирусқа тапсырған тестінің анықтамасы болуы керек екенін және оның мерзімі 72 сағаттан аспау қажеттігін айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты жағдай нашар елдермен әуе рейстерінің санын қысқартатынын хабарлаған болатын.

Источник arka-azhary.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 210 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"