Пятница, 23 октября 2020 14:23

Ақмола облысының студенттері «Қазақстан Республикасының колледждерінің ТОП-100 студенті» қатарына енді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Дарынды жастарды қолдауға және жұмысшы біліктілігін насихаттауға бағытталған «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы аяқталды.

Үздік студенттер онлайн-дауыс беру арқылы анықталды. Аталған жобаға 338 студент қатысты, ал Ақмола облысынан 13 адам.

Оның 6 студенті үздік жүздіктің қатарынан көрініп отыр:

Аққу Аманжолова -  Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс студенті;

Анна Ливенцова - Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжі, «Негізгі орта білім. Шет тілі мұғалімі» мамандығының 4 курс студенті;

Әлихан Қайыр - Көкшетау қ., жоғары техникалық колледжі «Технологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету» мамандығының 3 курс студенті;

Владислав Сухов -  Степногорск қ. индустриалды-техникалық колледжі, «Қоғамдық тамақтануды ұйымдастырудың техник-технологы» мамандығының 3 курс студенті;

Нұрсұлтан Қомар Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, «Актерлік өнер» мамандығының 3 курс студенті;

Али Дондыхын Көкшетау қаласы Красный яр а. Агротехникалық колледжі, «Фермер шаруашылығы» мамандығының 3 курс студенті.

«Бұл байқауда бағымды сынау — дара тұлға болып қалыптасу жолындағы сенімділігімді арттырды! Осы жолда алғашқы қадам — «Үздік студенттер қатарына ену» мақсатыма жеттім! Әлі талай-талай белесті бағындыруға барымды саламын!» - дейді Нұрсұлтан Комар. Сондай-ақ ол өзіне сенім артып, қолдау білдірген колледж басшысы Құралай Ғазизқызына және барша ұстаздарына алғысын білдірді.

Жобаның ережесіне сәйкес марапаттау рәсімі қараша айында онлайн форматта өтетін болады.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 238 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"