Четверг, 22 октября 2020 11:58

Парламенттік сайлау қандай форматта өтеді?

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

КВИ бойынша бұрынғы пессимистік болжамды ескере отырып, Қазақстанда қаңтарда кезекті локдаун жариялануы мүмкін. Парламент сайлауы қалай өтеді? Әлде оны кейінге қалдыру керек пе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист осындай сұрақ қойды.

Сайлауды ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жатпайды - деп жауап берді ведомствоның бірінші вице-министрі Марат Шоранов. Оның айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылды, ол талдау жүргізеді және елдегі сырқаттанушылық жағдай бойынша деректерді ескере отырып, апта сайын болжамдарды жаңартып отырады.

«Тамыз айынан бастап апта сайын есеп жүргіземіз. Жұмыс тобы арнайы құрылды және әзіргеғ біз оптимистік сценарий бойынша әрекет етудеміз. Ал пессимистік сценарий - бұл бізді ықтимал сценарийлерге дайындайтын проекция. Сайлауды ұйымдастыру Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жатпайды және біз болжамдарымызды апта сайын ұсынуға дайынбыз», - деді Шоранов.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қазіргі төрағасы Айжан Есмағамбетова бұл мәселені айқындап, нақтылай түсті.

«Денсаулық сақтау министрлігінің міндеті - КВИ жұқтыру қаупін азайтуды қамтамасыз ету. Егер қажеттілік туындаса, біз сол кезеңде болатын сырқаттанушылық көрсеткіштеріне сүйене отырып, сайлау өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде тиісті қағидалар мен талаптар тізбесін әзірлейтін боламыз», - деп жауап берді еліміздің бұрынғы санитарлық дәрігері.

Источник ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 220 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"