Четверг, 22 октября 2020 11:41

Қазақстан БАӘ, Беларусь, Германия және Украина ұшатын әуе рейстерінің санын қысқартады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия шекарадағы қосымша күшейту шараларын мақұлдады. Ал 26 қазаннан бастап әуе рейстерінің саны қысқартылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

«26 қазаннан бастап Украинамен әуе рейстерінің саны 3-тен 1-ге дейін, БАӘ - 24-тен 16-ға дейін, Германиямен 6-дан 4-ке дейін, Беларусь Республикасымен 9-дан 4-ке дейін қысқарады. Бұған дейін Түркиямен әуе қатынасы 18 рейске дейін қысқарған. Қарашадан бастап тағы 6 рейс алынады. Қазақстанға келетін азаматтарда міндетті түрде 72 сағаттан аспайтын ПТР-тест болуы қажет. Болмаған жағдайда қазақстандықтар карантиндік стационарға екі тәулікке дейін орналастырылады», - деді спикер.

Бұдан былай транзиттік көлік жүргізушілерінде де анықтамалар болуы тиіс. Болмаған жағдайда, олар шекарада ПТР-тест тапсырады, тест нәтижесі оң болған жағдайда онымен байланысып, карантинге жатқызу үшін сауалнама толтырады. Жол бойында онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынады.

Источник ortcom.kz

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 215 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"