Четверг, 22 октября 2020 11:35

Шекарада карантиндік шараларды күшейту: COVID-19 жұқтырған 141 адам тіркелді

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Әлемде COVID-19 таралу жағдайы күрделене түсуде. Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде сырқаттанудың өсуі жалғасуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлемнің 215 елінде 41 022 518 КВИ жағдайы тіркелген, сырқаттанудың өсуі – 1,1%. 1 128 931 адам қайтыс болды, өлім көрсеткіші – 2,8%. Осыған байланысты 2020 жылғы 6 қазанда шекарада санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді.

ҚР Мемлекеттік шекарасын автомобильдік өткізу пункттері арқылы 73 591 ҚР азаматы мен шетелдіктер кесіп өтті, оның ішінде 21 591 жолаушы, 5 967-і тестілеуден өтті, оның ішінде 122-сінде оң нәтиже анықталды. Халықаралық авиарейстермен 34 446 жолаушы келді, оның ішінде 5 925 адам тесттен өтті, 19 адамда оң нәтиже анықталды. Жалпы, 21 қазандағы жағдай бойынша 109 766 науқас тіркелді. Соңғы тәулікте COVID-19 оң нәтижесімен 143 адам анықталды, 1 803 адам қайтыс болды. COVID-19 (ПТР -) 36 200 ықтимал жағдайы тіркелді, тәулігіне – 220, оның ішінде 388 адам қайтыс болды», – деді Есмағамбетова.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 198 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"