Вторник, 20 октября 2020 17:06

Қазақстанда жыл сайын 19 қазан құтқарушылар күні атап өтіледі

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл атаулы күннің бекітілуі елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев 1995 жылғы 19 қазанда төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органды құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жоюдың тиімді жүйесін құру ісіндегі шешуші сәт болды. Міне, 25 жылдан бері еліміздің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері халықтың қауіпсіздігін сақтауға күш салып келеді. Олар кез-келген сәтте көмек келуге дайын. Осы жылдар ішінде Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша тиімді жүйе құрылды. Тәжірибе жинақталды және техникалық жағынан ойдағыдай жабдықталды. Бүгінде азаматтық қорғаныс саласында еліміз бойынша көптеген адамдар еңбек етуде.

Сондай-ақ, Целиноград ауданында да өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты қамтамасыз етіп жүрген төтенше жағдай қызметкерлерінің бөлімі бар. Бөлімде 5 қызметкер еңбек етеді. 2019 жылы Қосшы, Жанаесиль, Софиевка ауылдық округтерінде өрт сөндіру бөлімшелері ашылды. Ағымдағы жылда түрлі төтенше жағдайлардың саны-299 болды, оның ішінде 80 өрт, тұрғын үйлер бойынша 61, автокөлік-11 төтенше жағдайы тіркелді. Осындай қауіпті жұмысқа қарамастан, құтқарушылар қашанда ерлік жасауға, өзін құрбан етуге дайын. Құтқарушы мамандығын тек батыл адамдар ғана таңдайды. Сіздерді батыл және қиын жұмыстарыңыз үшін, күн сайын сергек болғандарыңыз үшін және құтқару үшін көмек қолын созуға дайын екендіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.  Жұмыстарыңызға сәттілік серік болсын.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 189 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"