Вторник, 20 октября 2020 14:55

«Көкше дарыны» техникалық шығармашылық және өнертапқыштық фестивалінің жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

2020 жылғы 12-13 қазанында облыстық оқу-әдістемелік орталығы базасында «Көкше дарыны» атты техникалық шығармашылық және өнертапқыштық фестивалі өтті.

Байқаудың мақсаты: білім алушыларды ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында зерттеу, өнертапқыштық қызметке тарту, дарынды балаларды қолдау, шығармашылық құзыреттілікте жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Байқауға Ақмола облысының 6 ауданынан (Астрахан, Аршалы, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Целиноград) және 2 қаласынан (Көкшетау, Степногорск) жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. 2020 жылдың 1 қыркүйегіне қатысушылардың жасы – 13-17 жас. Байқау онлайн форматта ZOOM онлайн-платформасында өткізілді. Байқау онлайн форматта ZOOM онлайн-платформасында өткізілді.

Байқауға 11 номинация бойынша 43 қатысушы қатысты.

Жеңімпаздар:

  1. Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру

1 орын – Мазыбеков Айболат Азирбекович, Парахат Ринат Есболұлы (Астрахан ауданы, Первомайское ауылы)

2 орын - Грицко Максим (Аршалы ауданы, Аршалы ауылы)

3 орын - Нурболат Саят (Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылы)

          2 Өнеркәсіп саласындағы техникалық құрастыру

1 орын - Буторин Андрей (Көкшетау қ.)

  1. Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласындағы техникалық құрастыру

1 орын – Орал Максат (Жарқайың ауданы, Державинск қаласы)

2 орын - Шашкин Сергей (Жарқайың ауданы, Державинск қаласы) және т.б.

"Көкше дарыны" техникалық шығармашылық және өнертапқыштық фестивалінің жеңімпаздары Ақмола облысының құрама командасының құрамында "Ұлы Өнертабысқа алғашқы қадам" Республикалық техникалық шығармашылық байқауына қатысады».

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 223 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"