Вторник, 20 октября 2020 13:48

Көкшетау қаласының тарихы музейінде алғаш рет ақын Рена Жұманованың Мәскеуде басылып шыққан «Стекловата» атты жаңа өлеңдер жинағының тұсаукесеріне арналған поэтикалық кеш өтті

  • Whatsapp: whatsapp +77084442694 +77084442694
Оцените материал
(0 голосов)

Көкшетау қаласының тарихы музейінде  алғаш рет ақын Рена Жұманованың Мәскеуде басылып шыққан «Стекловата» атты жаңа өлеңдер жинағының тұсаукесеріне арналған поэтикалық кеш өтті.

Рена Қылышқызы - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Подушечка для иголок» (2015), «Сонеты к Шокану» (2017) атты поэтикалық кітаптардың және мерзімді баспасөздегі көптеген жарияланымдардың авторы. «Стекловата» - бұл жаңа туындыларымен  қатар  бұрын жарияланған бірқатар өлеңдерді қамтитын поэтикалық жинақ.

 «Жинақтағы  көптеген өлеңдерді әдеби сыншылар  азаматтық лирика жанрына жатқызары  сөзсіз. Мен оларды шынайы, құштарлыққа  толы, әрі батыл лирика дер едім. Себебі қазіргі заман туралы, болып жатқан оқиғалар туралы  өз пікірін  білдіруге кез келген адамның  батылдығы жете бермейді", - деп атап өтті Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және Ресей Жазушылар одағының мүшесі Ольга Григорьева.

Музейдің «Ескі пәтер» атты   экспозициясының жайлы атмосферасында өткен поэзия кеші

өлеңсүйер пікірлес адамдардың: қаланың шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің, "BOOKPArnas" әдеби клубы  мүшелерінің, Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенттерінің жылылыққа толы  бейресми жүздесуімен қонақтардың жадында сақталып қалды.

Заметили ошибку в тексте? Выделите ее и нажмите Ctrl+Enter
Прочитано 184 раз
© 2013-2020 ТОО "Ақмола Ақпарат". Все права защищены. Информационное агентство "Кокшетау Азия" Разработка - Веб студия "IT.KZ"